ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

НЕГІЗГІ АҚПАРАТ​

Журналистика және филология кафедрасында қазіргі таңда 2 философия докторы (Ph.D) Ж.Б.Есенбек, Р.А.Алпысбаев, 7 ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) М.К.Бисенкулов, Х.К.Абраимов, Э.В.Ли, Н.Ж.Сералиева, қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. И.Г.Щербовских, аға оқытушылар Б.Н.Есимкулов, А.Е.Турысбекова, магистр, аға оқытушылар М.Г.Ашимова, И.Албатыр, Н.С.Дутбаева, Б.Т.Рысдаулетова, аға оқытушы М.Б.Курманов, оқытушы А.К. Жазыбекова жұмыс атқарады. Кафедра меңгерушісі: философия докторы (PhD), Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы. Кафедраның ғылыми әлеуеті  – 61%.

БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ САНЫ

2019-2020 оқу жылындағы мамандық бойынша білімгерлердің саны төмендегідей:

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

Журналистика және филология кафедрасының білімгерлерінің дәрістері №1 оқу ғимаратында, В.Салагаев атындағы №129 интербелсенді тақталы арнайы жабдықталған аудиторияда, №202, №203, №204, №205 аудиторияларда, №130 оқу теле-студиясында, №118 Жетісу газетінің редакциясында, интерактивті тақталы кабинеттерде өтеді.

СЕРІКТЕС ЖОО-ЛАР,  ҰЙЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Журналистика және филология кафедрасы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы, «Хабар» телеарнасы, «Талдықорған» қоғамдық-саяси газеті, Алматы облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси газеті, «Нұрлы Көксу» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті, «Жаркент өңірі» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті, Алакөл аудандық «Алакөл»  қоғамдық-саяси  газеті, «Бастау» қоғамдық-саяси апталық  газеті, Кербұлақ аудандық «Кербұлақ жұлдызы»  қоғамдық-саяси  газеті,  Алматы облыстық «Огни Алатау»  қоғамдық-саяси газеті, «Кемеңгер» журналы, «Ел-назар» Республикалық журналы Алматы облыстық сотының қоғаммен байланыс баспасөз бөлімі, Ішкі істер департаментінің БАҚ бөлімі.

КАФЕДРА ТАРИХЫ​

2009-2010 оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасы құрамында 5В050400 – «Журналистика» мамандығы ашылды. 2014-2015 жж. Филология және журналистика кафедрасы болып жұмыс істесе, 2015-2016 оқу жылында 5В050400 – «Журналистика» мамандығы, 5В011800 – орыс тілі мен әдебиеті, 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарын  қамтыған  дербес Журналистика және филология кафедрасы болып құрылды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 5В050400 – «Журналистика» және 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары  2014 жылы мамандандырылған акредиттеуден, 2015 жылы НКАОКО рейтінгінен ұлттық акредиттеуден, 2015 жылы желтоқсан айында мемлекеттік аттестациядан өтті.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Журналистика және филология кафедрасы білімгерлеріне тәжірибелі журналист, танымал профессор-оқытушы құрамы дәріс жүргізеді.

2015-2016 оқу жылында дуальді білім беру жүйесі бойынша жұмыс берушілер болып табылатын Алматы облыстық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Жетісу» және облыстық қоғамдық-саяси «Огни Алатау» газеттері кіретін «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде,
Ш. Уәлиханов атындағы № 10-орта мектеп-гимназиясында  Журналистика және филология кафедрасының филиалдары ашылды.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
  • 6В03201 (5В050400) – «Журналистика» (бакалавриат)
  • 6В01703 (5В011800) – 5В011800 – «Орыс тілі мен әдебиеті» (бакалавриат)
  • 6В01704 (5В012200) – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» (бакалавриат)
  • 7М01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті» (магистратура)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

 Кафедрадағы әдістемелік топ жұмысының 2019-2020 оқу жылына жоспарланған жұмыстары университеті және факультеттің әдістемелік кеңесі жоспары негізінде жасалып, жүзеге асырылады.

Кафедраның профессор-оқытушыларының авторлығымен соңғы жылдары мынадай оқулықтар, оқу-әдістемелік, оқу құралдары жарық көрді:

2018 жылдың сәуірінде журналистика мамандығының студенттеріне «Бақ туралы заңнамаға қатысты жаңа ережелер және журналистің қызметі» атты семинарды, ұлттық телерадиоxабар таратушылар қауымдастығының бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету орталығының заңгері Салтанат Қалдыбекова семинар-тренинг өткізді. 40 студент сертификат иеленді.

2018 жылы журналистика және филология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметімен бірге «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» IV халықаралық ғылыми  PR көктемгі мектебі ұйымдастырылды. 65 студент сертификат иеленді.

2019 жылы 19 желтоқсанда гуманитарлық факультетте Қазақстан Республикасы орта білім берудің жаңартылған мазмұнының ерекшелігіне арналған оқытушылар мен студенттерге бір күндік оқыту семинары өтті. Семинарды журналистика және филология кафедрасы мен Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы ұйымдастырды.

Семинарға журналистика және филология кафедрасының меңгерушісі Есенбек Жумагали Бейсенбайұлы, ф.ғ.к.Бисенқұлов Мұса Қазимұлы, п.ғ.к. Сералиева Наиля Жумагалиевна, ф. ғ. к. Щербовских Ирина Геннадьевна, магистр Рысдаулетова Ботагоз Тынысбекқызы және Орыс тілі мен әдебиеті, «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 және 4 курс студенттері қатысты.

Семинарға қатысушылар педагогикалық шеберлік орталығының тренері Абишева Раушан Базартаевнаға алғыс білдірді. Өз кезегінде Алдағы Раушан Базартаевнаға студенттердің алдағы уақытта өтетін педагогикалық тәжірибе барысында көмек көрсетіп қана қоймай, ешкімді бей-жай қалдырмайтынын жеткізді және оқытушылар мен студенттерді шығармашылық диалогқа қатысқаны үшін алғысын білдірді.

         03.05.2019ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Алматы облысының орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша орта мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Жаңартылған бағдарлама контекстінде  ҚР Білім беру мекемелерінде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың теориясы мен практикасы» атты  бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда педагогикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ оқыту семинарларын өткізу. Конференция жұмысы үш бағыт бойынша жүргізілді:

  1. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орыс тілі мен әдебиетін оқыту ерекшеліктері;
  2. Мәтін тұлғаның даму құралы ретінде;
  3. Қазақстанның білім беру мекемелерінде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа тәсілдері.

     Конференция барысында «Қазақстан мектептерінде жаңартылған бағдарламаны енгізу мәселелері» тақырыбында шеберлік сыныптары өткізіліп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Соңында қатысушыларға сертификаттар мен ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары табыс етілді. Конференцияны журналистика және филология кафедрасы, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы ұйымдастырды.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

Кафедраның ПОҚ авторлығымен мынадай еңбектер жарық көрді:

  1. Бисенкулов М.К., Ли Э.В. «Латинский язык», 2013;
  2. Курманов М.Б. «Интерактивные технологии и методы, приемы обучения в вузе», 2018;
  3. Ауелбекова Б.А., Бисенкулов М.К., Курманов М.Б., Ли Е.В. «Анализ художественного прозаического произведения», 2018;
  4. Имангазинов М.М. «Ильясоведение», 2018;
  5. Есимкулов Б.Н. «Словосочетание в аспекте лексико-синтаксической координации», 2018;
  6. Мадибаева К.К., Абильмажинова А.К. «Абайтану», 2017;
  7. Щербовских И.Г. «Принцип бинарности в поэзии Ф.И.Тютчева», 2019.

        

          

ПОҚ-тың авторлық куәліктері

       

    Scopus мәліметтер базасына енетін журналдарда  профессор-оқытушылардың төмендегідей мақалалары жарияланған:

Статьи ППС, опубликованные в журналах, включённых в базу «Thomson Reuters»

ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘРБИЕ ҚЫЗМЕТІ​

Журналистика және филология кафедрасының тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

студенттер арасында саяси сауаттылықты қалыптастыру;
жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
жастар арасында рухани және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру;
азаматтық және патриоттық тәрбие беру;
рухани-адамгершілік, зияткерлік-шығармашылық, эстетикалық тәрбие;
салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәрбиелеу.

2019 жылдың 13 қарашасында университетте «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті » акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Іс-шара І. Жансүгіровтың 125 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. 1921-1935 жылдары Қазақ әдебиетінің классигі, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім бастығы болып жұмыс істегені баршаға мәлім. Дархан Қуандықұлы «журналистиканың», «филологияның» болашақ мамандарына республикалық газеттің қызметі туралы айтып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Д.Қыдырәлінің кездесуі барысында «Тарих»мамандығының студенттерімен қызықты мәліметтермен бөлісті.

Журналистика және филология кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Ж. Б. Есенбектің жетекшілігімен Студенттік баспасөз орталығы жұмыс істейді

        

Студенттік баспасөз орталығының құрамы:

2015-2016 жылдары БАҚ саласында жұмыс істейтін тәжірибелі мамандар Студенттік баспасөз орталығының басшылығымен Журналистика мамандығының студенттеріне шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Атап айтқанда:

  1. Қазақстан Журналистер академиясының президенті, академик С.Қ. Қозыбаев. Тақырыбы: «қазақ публицистикасы және қазіргі журналистика»
  2. Белгілі журналист, PR-щик ж. Бекболатұлы. Тақырыбы: «қоғаммен байланыс және отандық журналистика трендтері».
  3. Облыстық «Жетісу» газеті жауапты хатшысының орынбасары және спорт журналисті Р.Тұрғанбаев. Тақырыбы: «мақала жазу ережелері».
  4. «Жетісу» Телеарнасы Жаңалықтар бөлімінің аға редакторы Е. Айдабосын. Тақырыбы: «теледидардағы сауаттылық және сөздер мен суреттердің симфониясы».
  5. «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Ә.Сахариев. Тақырыбы: «Он-лайн журналистиканың рөлі және «Хабар» агенттігі».
  6. Облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі М.Далекенова. Тақырыбы: «Огни Алатау» газеті журналистерінің қызметі».
  7. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, ф.ғ.к. «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері, «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғаласының жетекшісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қ.Әуесбайдың. Тақырыбы: «Журналистің айтары бар».
  8. Облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов.  Тақырыбы: «Журналистика мамандығының қыр-сыры».
  9. «Тақиялы періште киносының» бас актері Ә.Райымбековпен кездесу.
  10. Алматы облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси газетінің редактор орынбасары Ж. Әміреевпен кездесу.

      2018 жылдың 13 желтоқсанында гуманитарлық факультетте өткен этнофестивальге қатысушылар тағы да көз жеткізді. №129 аудитория әр түрлі халықтар мен ұлттық мәдениеттерді білдіретін «делегациялар» үшін қонақжай есігін айқара ашты. «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 211 топ студенттері мерекенің басты қатысушылары болды. Фестивальді ұйымдастырушы журналистика және филология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Щербовских Ирина Геннадьевна атап өткендей, кураторлық сағат нағыз таланттар отшашуына айналды. Студенттер түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы қызықты деректер дайындады. Фестиваль қонақтары хош иісті өзбек палауын, ет қосылған шешен галушкаларын, кәрістердің күріш тағамдары мен қазақтың ыстық бауырсақтарынан тамсана дәм татты.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2013 жылдан бастап кафедрада білімгерлердің академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімгерлер қысқа мерзімді білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу арқылы шетелде білімін жалғастырып, шетелдік ғылыми тәжірибені игеру мүмкіндіктеріне ие болады. «5В050400 – Журналистика» мамандығының білімгерлері ішкі және сырттай академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады:

2013-2014 оқу жылында 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша Л. Удасова Ушинский атындағы Ярославл университетінде, А.Жайлаубаева Варшава университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдірді.

2014-2015 оқу жылының екінші жартыжылдығында 5В050400 – «Журналистика» мамандығынің білімгері  Е.Шаяхметова Варшава университетінде академиялық ұтқырлықпен білім алды.

2015-2016 оқу жылының екінші жартыжылдығында 5В050400 – «Журналистика» мамандығының білімгерлері А.Сейткемелов, Э.Курбанов академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша Республикасының Лодзь қаласындағы Лодзь университетінде бір семестр оқыды

2016-2017 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Журналистика» мамандығының білімгерлері А.Есенбаева мен Ә.Кудайбергенова Польша Республикасының Лодзь қаласындағы Лодзь университетінде бір семестр оқыды.

2017-2018 оқу жылы ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша А.Алкенова  С. Демирел университетінен келіп, бір семестр оқыды.

2018-2019 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша «Журналистика» мамандығының 3-курс студенттері А.Оразалы мен Г.Тұрарова Алматы қаласындағы UIB университетінде 2019 жылдың  қаңтарынан  маусым айы аралығында  оқыды.

2018-2019 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша «Журналистика» мамандығының 2-курсына Қырғызстанның Халықаралық Кувейт университетінен  Камчыбек уулу Самат, Арапбай уулу Билоол келіп оқыды.

Соңғы 5 жыл ішінде студенттерге ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша дәріс оқитын ғалымдар тарту мәселесі дұрыс жолға қойылған. 2018-2019 оқу жылы сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Лингвистика-техникалық университетінің (Польша Республикасы) профессоры Л.Килевая  дәріс оқып, емтихан қабылдады.

2020-2021 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша «Журналистика» мамандығының 4-курс студенттеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Рожков Александр Викторович 45 сағат көлемінде онлайн дәріс оқыды.

2020-2021 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының    4-курс студенттеріне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Киынова Жанар Қабдыляшымовна 45 сағат көлемінде онлайн дәріс оқыды.

«Журналистика» мамандығының 3-курс ЖҚ-311 тобының студенттері Ахметжан Аяужан мен Нұржапар Арайлымның академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2020-2021 оқу жылының 2-жарты жылдығына Нийде Өмер Халисдемир университетіне (Түркия Республикасы) оқуға жіберіледі.

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

Республикалық олимпиадада "Журналистика" мамандығы бойынша ІІІ орын

5В011800-"Орыс тілі және әдебиеті" мамандығы бойынша мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік"

5В012200-"Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті" және 5В050400-"Журналистика" мамандықтарын мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік"

Халықаралық аккредиттеу туралы куәлік ОП 6В03201 (5В050400)-"Журналистика" 2020-2025

Халықаралық аккредиттеу туралы куәлік ОП 6В01704 (5В012200) - "Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті" 2020-2025

5В002200 – "орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының Ұлттық рейтингтегі жетістіктері:

5В050400 – «Журналистика» білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингтегі жетістіктері:

БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР

Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы

Заведующий кафедры доктор философии (PhD)

Тел. 87784937192

Қос.ішкі 1144

yessenbek.zhumagali@gmail.com

Толығырақ

Бисенкулов_page-0001

    Бисенкулов Муса Казимович

    кандидат филологических наук ассоциированный профессор (доцент)

    Тел. 877018836038

    Қос.ішкі 1144

    musasultanchik2016@gmail.com

    Толығырақ

    584d6a16-4e05-431f-88a0-fcbfc947cdcc

      Курманов Мурат Байлиевич

      старший преподаватель

      Тел.87017594656

      Қос.ішкі 1144

      kmurat1@maıl.ru

      Толығырақ

      Ли Эмма Викторовна

      Филология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

      Тел. +77017573533 

      Қос.ішкі 1144

      emmaviclee@yandex.ru

      Толығырақ

      Сералиева

        Сералиева Наиля Жумагалиевна

        кандидат педагогических наук ассоцированный профессор (доцент)

        Тел. 87017594698, 87772295224

        Доп.внут. 1144

        nailya_seralieva@mail.ru  

        Толығырақ

        Щербовских Ирина Геннадьевна

        кандидат филологических наук и.о. ассоциированного профессора (доцента)

        Тел.87771716151

        Доп.внут. 1144

        irina67_irina67@mail.ru

        Толығырақ

        Ашимова Малика Гениевна

        Магистр, старший преподаватель

        Тел.87474393923

        Қос.ішкі 1144

        malika_amg@mail.ru

        Толығырақ

        Әлбатырұлы Ілескен

        Магистр, старший преподаватель

        Тел.87025918777

        Қос.ішкі 1144

        azamat_520@mail.ru

        Толығырақ

        Есимкулов Бакыт Нусупбекович

        кандидат филологических наук старший преподаватель

        Тел.87017594709

        Қос.ішкі 1144

        esimkulov.63@mail.ru

        Толығырақ

        Дутбаева Назым Саймасаевна

        Магистр, преподаватель

        Тел.87057760940

        Қос.ішкі 1144

        nazym_ds@mail.ru

        Толығырақ

        Рысдаулетова Ботагоз Тынысбековна

        Магистр, старший преподаватель

        Тел. 87712741900

        Қос.ішкі 1144

        rysdauletova@mail.ru  

        Толығырақ

        Жазыбекова Айсулу Кенжетаевна

        Магистр, преподаватель

        Тел. 87472247045

        Қос.ішкі 1144

        aisulu_8023@mail.ru  

        Толығырақ

        Турысбекова Асем Ериковна

        кандидат филологических наук старший преподаватель

        Тел. 87787443121

        Қос.ішкі 1144

        asemerikovna85@gmail.com  

        Толығырақ

        Абраимов Хосай Касымович

        кандидат исторических наук ассоциированный профессор (доцент)

        Тел. 77015271633

        Қос.ішкі 1144

        Толығырақ