Жұмыспен қамту міндетін нәтижелі орындауда түрлі ұйымдар және мекемелермен тұрақты негіздегі қарым-қатынас маңызды жұмыс бағытының бірі болып саналады. Университет өңірлік, республикалық, мемлекеттік және жекеменшік нысандармен ынтымақтастық негізінде әрекет етеді. Сонымен қатар бірнеше кәсіпкерлік субъектілермен де әріптестік байланыс бар. Бұл өз кезегінде жұмыспен қамтылған түлектер көрсеткішінің жоғарылауына негіз болады. Қазіргі уақытта Жетісу университеті ел көлемінде түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші бойынша көшбасшылардың бірі. Жалпы сандық көрсеткіштерді төмендегідей келтіруге болады.