Халықаралық қауымдастықтар

Біздің университет бірқатар халықаралық университеттер желілері мен қауымдастықтарымен белсенді түрде қатынайды, сонымен қатар төменде көрсетілген халықаралық жобалар мен бағдарламаларға белсене қатысады:

– DAAD Неміс академиялық алмасу қызметі;

– IAESTE Техникалық Мамандықтар Студенттерінің Халықаралық алмасу қауымдастығы;

– ЕО Эразмус + бағдарламалары;

– EURASS – Еуразиялық академиялық және халықаралық ынтымақтастық одағы;

– «Болашақ» халықаралық стипендиясы.

Университет Қазақстан университеттері қауымдастығының, Еуразия университеттері ассоциациясының (2011 ж.), БҰҰ «Академиялық ықпалы» (2015ж.), Еуропалық университеттер ассоциациясының жеке ассоциацияланған мүшесі (2012ж.) болып табылады.

Халықаралық ұйымдар мен ғылыми-білім беру жобаларына қатысу университетке әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен, қорлармен, ұйымдармен және ғылыми орталықтармен тиімді серіктестік құруға; инновациялық дамуды қамтамасыз ету, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге; ғылыми идеяларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын тартуға және зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Еуропа университеттерінің ассоциациясы

http://www.eua.be/

IAESTE – Халықаралық студенттер алмасу қауымдастығы

http://www.iaeste.org/

Еуразиялық университеттер ассоциациясы

http://www.eau-msu.ru/

EURASS – Еуразиялық академиялық және халықаралық ынтымақтастық одағы

http://eurass.eu/about-us/

UNAI – БҰҰ-ның академиялық ықпалы

https://academicimpact.un.org/