Ғали Орманов атындағы кітапхана
Ғали Орманов атындағы кітапхананың мақсаты — инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру, жайлы кітапхана аясын ұйымдастыру, кітапханалық процесстерді автоматтандыру және электрондық кітапхана ашу.
Міндеттері
- Профессор-оқытушылар құрамының және студенттердің ғылыми және кәсіби қажеттілігіне қажетті әдебиетпен қамсыздандыруды;
- Оқырмандарға электрондық қызмет көрсетуді енгізу;
- Виртуалды кітапхана қызметін көрсетуді енгізу;
- Оқырмандардың табысты жұмысы үшін жайлы кітапхана кеңістігін құру;
- Кітапхана жұмысының сапасын арттыру мақсатында кітапхана жұмысының тәжірибесіне жаңа технологияларды енгізу;
- Кітапхана қорының соңғы 10 жылда шығарылған кітаптарын цифрлау және "ЖУ кітапхана қоры" жеке электрондық базасын толықтыру;
- Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу, заманауи технологиялар негізінде кітапханада жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- Университеттің деканаттарымен, кафедраларымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдарымен кітапхана қызметін үйлестіру.
Кітапхана қызметінің бағыттары
- Ақпараттық қажеттіліктерге сәйкес университеттің студенттеріне, профессор-оқытушылар құрамына және ғылыми қызметкерлеріне толық және жедел кітапханалық, ақпараттық қызмет көрсету;
- Ғылыми және мәдени мұра қорын насихаттау, ашу және сақтау;
- ЖОО бейініне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру.
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР