ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Негізгі ақпарат

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларында қазіргі таңда  2 философия докторы (PhD) Ж.Б.Есенбек, Б.Ж. Каримова, ғылым магистрі, оқытушы- дәріскер И.Албатыр жұмыс жасайды.

Білім беру бағдарламаларының жетекшісі: философия докторы (PhD), Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы. Білім беру бағдарламаларының ғылыми әлеуеті – 50%.

БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ САНЫ

2023-2024 оқу жылындағы білім беру бағдарламалары бойынша білімгерлердің саны төмендегідей:

Білім беру бағдарламалары

Жалпы саны

Мемлекеттік грант

6В03201 –  «Журналистика» (бакалавриат) күндізгі бөлім

130

39

6В03203 –  «Қоғаммен байланыс» (бакалавриат) күндізгі бөлім

13

10

Жалпы

143

49

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламалары білімгерлерінің дәрістері №1 оқу ғимаратында, В.Салагаев атындағы №129 интербелсенді тақталы арнайы жабдықталған аудиторияда (№202, №203, №204, №205 аудиторияларда), №201 оқу теле студиясында, №205 оқу радио студиясында, интерактивті тақталы кабинеттерде өтеді.

білім беру бағдарламасының тарихы
2009-2010 жж.

2009-2010 оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасы құрамында 5В050400 – «Журналистика» мамандығы ашылды. 2014-2015 жж. Филология және журналистика кафедрасы болып жұмыс істесе, 2015-2016 оқу жылында 5В050400 – «Журналистика» мамандығы, 5В011800 – орыс тілі мен әдебиеті, 5В012200 – орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандықтарын  қамтыған  дербес журналистика және филология кафедрасы болып құрылды.

2014 ж.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу  «6В03201 (5В050400) – Журналистика білім беру бағдарламасы 2014 жылы мамандандырылған акредиттеуден, НАОКО (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агентігі) рейтінгінен ұлттық акредиттеуден өтті.

2015-2016 ж.

2015-2016 оқу жылында дуальді білім беру жүйесі бойынша жұмыс беруші Алматы облыстық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Жетісу» және облыстық қоғамдық-саяси «Огни Алатау» газеттері кіретін «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының филиалдары ашылды.

2017-2018 ж.

2017-2018 оқу жылынан бастап Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі базасында "Workshop" журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының филиалы ашылды.

2018-2020 ж.

 «6В03201 (5В050400) – Журналистика білім беру бағдарламасы «Атамекен» рейтингінен 2018 жылы 24 ЖОО арасынан 10-орын, 2019 жылы 23 ЖОО арасынан 15-орын иеленді, 2020 жылы 23 ЖОО арасынан 17-орын иеленді

2021 ж.

Журналистика және филология кафедрасы 2021 жылы журналистика және ақпарат білім беру бағдарламалары болып өзгертілді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының білімгерлеріне тәжірибелі журналист, танымал профессор-оқытушы құрамы дәріс жүргізеді.

2020-2021 ж.

2020-2021 оқу жылы «6В03201 (5В050400) – Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша 3 тілдік (ЖПҚ-111) топ ашылды. Ол бойынша студенттер пәндердің 50 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы ағылшын тілінде, 20 пайызы орыс тілінде оқиды.

2021 ж.

2021 жылы маусым айында НАОКО (Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агентігі) рейтінгінен «6В03201 (5В050400) – Журналистика білім беру бағдарламасы 6-орын иеленді.  

білім беру бағдарламалары
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының ПОҚ ұйымдастырған оқу-әдістемелік семинарлар мен тренингтері

2018 жылдың сәуірінде журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Бақ туралы заңнамаға қатысты жаңа ережелер және журналистің қызметі» атты семинарды, ұлттық телерадиоxабар таратушылар қауымдастығының бұқаралық ақпарат құралдарына қолдау көрсету орталығының заңгері Салтанат Қалдыбекова семинар-тренинг өткізді. 40 студент сертификат иеленді.

   

2018 жылы журналистика және ақпарат білім беру бағдарламалары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметімен бірге «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» IV халықаралық ғылыми  PR көктемгі мектебі ұйымдастырылды. 65 студент сертификат иеленді.

2020 жылдың 23 қазанында Еуразия ұлттық университетінің және І. Жансүгіров атындағы жетісу университетінің журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне  «Qazaqstan» ұлттық арнасының Еуропадағы меншікті тілшісі Нұрсұлу Қасыммен шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

2021 жылдың 26 сәуірінде журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттеріне Қазақстан журналистер академиясының мүшесі, белгілі журналист Тимур Сержановпен «Журналистика және тәрбие, этика» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ф.ғ.к Қ.Н.Мысаева бірге С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне «БАҚ-тағы өшпенділік тілі» атты онлайн-дәрісі өткізді. Үш университеттің студенттеріне арналып өткізген шараның негізгі мақсаты – студенттерге өшпенділік тілі, түрлері мен жіктелуі жайлы кеңірек мағлұматтар беру болды. Медиа журналистика пәнінен өткен шеберлік дәрісінен, студенттер сертификаттар алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» құрудын бірнеше сатысын халыққа ұсынып, Жолдау жасады. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының  2 курс (ЖҚ211, ЖҚ212, ЖПҚ211) білімгерлері Президент Жолдауын жан-жақты талқылады. Бас құжаттағы саяси реформаларды жүзеге асырудың жаһандық үлгісін тілге тиек етіп, президенттің өкілеттігі мен жақын туыстарына қатысты норманы конституциялық тұрғыдан бекітудің тың бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының ғылыми-зерттеу тақырыптары: «Журналистика саласы бойынша инновациялық бағыттағы кәсіби мамандарды даярлауда теория мен тәжірибені ұштастыру».

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының оқытушылары келесідей ғылыми бағытта жұмыстар атқарады: журналистиканың теориясы мен практикасы, Медиасауаттылық, Конвергентті журналистика (Ж.Б. Есенбек, Б.Ж.Каримова, И. Албатыр, М.Ашимова).

Білім беру бағдарламаларындағы ПОҚ-тың авторлық куәліктері:

     

SCOPUS МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНА ЕНЕТІН ЖУРНАЛДАРДА  ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАҚАЛАЛАРЫ ЖАРИЯЛАНҒАН

ПОҚ аты-жөні

Мақала тақырыбы және журналдың атауы

Ph.D,

оқытушы-лектор Есенбек Ж.Б.

A comparative research pr activity of the republic of Turkey and Kazakhstan, «Middle East Journal of Scientific Research». ISSN: 1990-9233, Vol. 14. No. 8. 2013,

Ph.D,

оқытушы-лектор Каримова Б.Ж.

Ecological problems in mass media in Kazakhstan

Journal of Pharmaceutical Sciences and Research, 2018, 10(6), pp. 1422–1427

Ecological development through mass media

Man in India, 2017, 97(6), pp. 135–150

Ашимова М.Г., оқытушы-лектор

Mukhtar Magauin’s novellic fiction world

Journal of Language and Literature, 2016, 7(1), pp. 106–109, A2

The nature of the intertext in flash fiction | La naturaleza del intertexto en flash fiction

Opcion, 2020, 36(91), pp. 750–765

Әлеуметтік-тәрбие қызметі

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттері университет, жоғары мектеп ауқымында өткізілетін тәрбиелік бағыттағы ңс-шараларға белсене қатысады. 

Студенттермен  тәрбие жұмысы төмендегі бағыттар  бойынша жүргізіледі:

  • Студенттер арасында саяси сауаттылықты қалыптастыру;
  • Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
  • Жастар арасында  жалпыадами және рухани  құндылықтарды қалыптастыру;
  • Азаматтық және патриоттық тәрбие;
  • Рухани-өнегелі, интелектуалды-шығармашылық, эстетикалық тәрбие;
  • Салауатты өмір сүруді қалыптастыруға қатысты тәрбие беру;

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне жастар фестивалі, білім сайыстары, танымал журналистермен  кездесу, шеберлік сыныптары ұйымдастырылып тұрады. 

2019 жылы 13 қарашада университетке «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі келді.

Кездесу І. Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды. «Журналистика», «Филология» білім беру бағдарламаларының білімгерлері Дархан Қыдырәліге республикалық газеттің тыныс-тіршілігіне қатысты сауал қойып, тұщымды жауаптар алды.

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі PhD докторы Ж.Б.Есенбектің жетекшілігімен «Студенттік баспасөз орталығы» жұмыс жасайды. Студенттік баспасөз орталығының ұйымдастыруымен БАҚ саласында жұмыс жасайтын практик мамандар журналистика мамандығының білімгерлеріне шеберлік сыныптары өтті.

Атап айтқанда: Қазақстан журналистер академиясының президенті, академик С.К.Қозыбаев. Тақырыбы: «Қазақ публицистикасы мен заманауи журналистика».

Белгілі журналист, PR маманы Ж.Бекболатұлы. Тақырыбы:«Қоғаммен байланыс пен отандық журналистиканың трендтері».

Облыстық «Жетісу» газетінің жауапты хатшы орынбасары, спорт журналисті Р.Тұрғанбаев. Тақырыбы: «Мақала жазудың өзіндік қағидалары.

                     

«Жетісу» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің аға редакторы Е.Айдабосын. Тақырыбы: «Телеарнадағы сауаттылық және сөз бен бейненің симфониясы».«Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Ә.Сахариев. Тақырыбы: «Он-лайн журналистиканың рөлі және «Хабар» агенттігі».  Облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі М.Далекенова. Тақырыбы: «Огни Алатау» газеті журналистерінің қызметі». Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, ф.ғ.к. «Болашақ» халықаралық шәкіртақысының иегері, «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі, «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғаласының жетекшісі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қ.Әуесбайдың. Тақырыбы: «Журналистің айтары бар»Облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов. Тақырыбы: «Журналистика мамандығының қыр-сыры».

«Тақиялы періште киносының» бас актері Ә.Райымбековпен кездесу.Алматы облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси газетінің редактор орынбасары Ж. Әміреевпен кездесу.

2021 жылдың 26 қараша күні журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының ЖҚ-311,  ЖҚ-312 оқу топтарының студенттеріне Каримова Бибигуль Жумашовна «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында кураторлық сағаты өткізілді. Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық»  деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу; Өз көзқарастарын білдіріп,  ойларын еркін жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, ұлттық тәлім-тәрбиені насихаттау болды.

«Адалдық алаңы» Жетісу университетінің айқын бастамасы. Осы тақырып аясында мамыр айының 5 жұлдызы журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының ЖҚ111 тобы бойынша кураторылық сағат ұйымдастырылды. Топтың кураторы Албатыр Илесбек әр сабақтың емтиханнына тыңғылықты дайындалуды басты назарға ұстап, көшіру, сессия сұрақтары бойынша көмек берем немесе таныс-білісіммен шешіп берем деген сияқты желеудегі алдамкөстердің арбауына түспеуді, біреуге көмектесем деп қателікке ұрынып қалмауды жеткізді. Сондай-ақ камера алдында өз-өздерін дұрыс ұстап, аудитория мәдениетін сақтау қажеттілігін де тілге тиек етіп, барша білімгерлерге сәттілік тіледі.   

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 2 курс білімгерлері халықаралық жас ғалымдар қауымдастығының додасында топ жарды. Білім беру бағдарламаларының жетекшісі Жұмағали Бейсенбайұлының бастамасымен зерттеу еңбектерін дайындаған қос жеңімпаздың еңбегі 20-дан артық кіл мықты мақалаларының ішінен үздік деп танылды.  «Тәуелсіздік қымбат ұғым» тақырыбында сынға түскен студент Мейрамбек Манарбекұлы мен Балауса Қасымханның шығармашылығы әділқазы алқалардың қолдауына ие болды.

Оқу ордамыз Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына байланысты «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Илесбек Әлбатырұлының жетекшілігімен ЖҚ111 және ЖҚ211 Шоқан Уалиханов мұражайына барды. Тәрбиелік шара студенттерге айрықша әсер сыйлады.

23 сәуір ЖҚ-311, ЖҚ312, ЖҚ211, ЖҚ212 топ студенттеріне Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы «Журналист этикасы: бұқаралық ақпарат құралдарындағы толеранттылық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында журналистің құқықтары мен міндеттері, этика мәселелері қарастырылды. Толеранттылық тақырыбына анықтама берілді. Ксенофобиа мәселесі қарастырылды. Студенттерге отандық кейстер түсіндірілді.

12  мамыр ЖҚ211, ЖҚ212 топ студенттеріне Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Дефакто» радиосының мамандарымен тәрбиелік мәні бар кездесу ұйымдастырды. Кездесу соңында студенттер «Дефакто» радиосында практикадан өтуге мүмкіндік алды.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2013 жылдан бастап 5В050400 (6В03201) – Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының білімгерлері ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады.

2016-2017 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының білімгерлері А.Есенбаева мен Ә.Кудайбергенова Польша Республикасының Лодзь қаласындағы Лодзь университетінде бір семестр оқыды.

2017-2018 оқу жылы ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша А.Алкенова  С. Демирел университетінен келіп, бір семестр оқыды.

2018-2019 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері А.Оразалы мен Г.Тұрарова Алматы қаласындағы UIB университетінде 2019 жылдың  қаңтарынан  маусым айы аралығында  оқыды.

2018-2019 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 2-курсына Қырғызстанның Халықаралық Кувейт университетінен  Камчыбек уулу Самат, Арапбай уулу Билоол келіп бір семестр оқыды.

2021-2022 оқу жылының екінші жартыжылдығында журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері Ахметжан Аяужан, Нұржапар Арайлым Нийде Омер Халисдемир университетіне (Нийде, Түркия Республикасы) бір академиялық семестр он-лайн форматта оқыды.

Соңғы 5 жыл ішінде студенттерге ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша дәріс оқитын ғалымдар тарту мәселесі дұрыс жолға қойылған.

2018-2019 оқу жылы сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лингвистика-техникалық университетінің (Польша Республикасы) профессоры Л.Килевая  дәріс оқып, емтихан қабылдады.

2020-2021 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Рожков Александр Викторович 45 сағат көлемінде онлайн дәріс оқыды.

2022-2023 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бойынша Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне Семей қаласының Шәкәрім атындаағы университеті КЕ АҚ филология ғылымының кандидаты, аға оқытушы Жумагулова Матаевна 60 сағат көлемінде онлайн дәріс оқыды.

СЕРІКТЕС ҰЙЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламалары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы, «Хабар» телеарнасы, «Талдықорған» қоғамдық-саяси газеті, Алматы облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси газеті, «Нұрлы Көксу» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті, «Жаркент өңірі» қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті, Алакөл аудандық «Алакөл»  қоғамдық-саяси  газеті, «Бастау» қоғамдық-саяси апталық  газеті, Кербұлақ аудандық «Кербұлақ жұлдызы»  қоғамдық-саяси  газеті,  Алматы облыстық «Огни Алатау»  қоғамдық-саяси газеті, «Кемеңгер» журналы, «Ел-назар» Республикалық журналы Алматы облыстық сотының қоғаммен байланыс баспасөз бөлімі, Ішкі істер департаментінің БАҚ бөлімімен байланыс орнатқан.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

5В050400 (6В03201) – Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу туралы  куәлік.

Халықаралық аккредиттеу туралы куәлік. 6В03201 (5В050400) «Журналистика» білім беру бағдарламасы.

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламалары бойынша республикалық олимпиададан ІІІ-орын, Қызылорда қаласы

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламалары бойынша республикалық олимпиададан ІІІ-орын, Түркістан қаласы

2020 жылдың 14-15 қараша күндері “Neweducation.asia” халықаралық білім мен педагогикалық шеберлікті арттыру алаңының ұйымдастыруымен Халықаралық «Жас филолог» атты ЖОО студенттерінің ІІІ олимпиадасы өтті. Аталған олимпиадаға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері Сайдильдин Мәдиді (ЖҚ411) ІІІ дәрежелі дипломмен, Мамет Ақмаралды (ЖҚ411) ІІІ дәрежелі дипломмен және «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі, (PhD) философия докторы Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлын ғылыми жетекшілік еткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

   

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері Зиятаев Ерұланның, Тұрарбекова Наргиздің, Сайдильдин Мәдидің, Акбарова Меруерттің, Болатов Жанкелдінің, Серікұлы Ұланның дипломдық жобаларының нәтижелері «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырған республикалық «Жас білімпаз» ғылыми жұмыстар байқауынан бірінші орын иеленді.

   

   

     

2021 жылы сәуір айында журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының 3-курс студенті Айтақын Айғаным «Білім өркениеті» ұлттық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауда жүлделі орын иеленді.

5В050400 – «Журналистика» білім беру бағдарламасының Ұлттық рейтингтегі жетістіктері:

Агенттіктің атауыЖОО қатысушыларының саныБерілген орынСілтеме
2015 год
Национальное агентство аккредитации и рейтинга (НААР)134НААР
2018 год
Национальное агентство аккредитации и рейтинга (НААР)114

НААР 

2018 год

Атамекен2410АТАМЕКЕН

2019 год

Атамекен2315АТАМЕКЕН
WORKSHOP

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының қызметін жетілдіру және дуальды білім беруді іске асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылынан бастап Алматы облыстық өңірлік коммуникациялық орталығы базасында «Workshop» білім беру бағдарламаларының филиалы ашылып, нәтижелі жұмыс атқаруда. «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы», «Мультимедиялық журналистика», «Журналистің құқықтық негіздері» сынды пәндер кафедра филиалында Журналистері үйінде өтеді.

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының филиалында өткізілген шеберлік сыныптары:

Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының филиалы аясында 2018 жылы қыркүйектің 11 күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен белгілі журналист, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының  бас директоры Б.Құранбек журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне шеберлік сағатын өткізді. Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ж.Бейсенбайұлы мен телеарна басшысы Б.Құранбек бір телевизиялық маусымда 50 студентті тәжірбиеден өткізу жөнінде келісімге келді. Жоспар бойынша студенттер арнаның «Таңжарық» бағдарламасына кезек-кезегімен әр ай сайын бес баладан тәжірбиеден өтті.

                           

2018 жылдың 22 ақпанында Журналистер үйінде «Хат артында адам бар» атты Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Н.Әбдірахымның журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған дәрісі өтті. Онда спикер редакцияға келген хаттарды саралау, редакциялау туралы түсіндірді.

2018 жылдың 1 наурызында «Огни Алатау» газетінің тілшісі В.Пекельник «Основы газетной журналистики и жанры печатной периодики» тақырыбында студенттерге шеберлік сыныбын өткізді. 2018 жылдың 13 наурызында «Қазақстан» телеарансының Алматы облысының меншікті тілшісі Қ.Серикханов «Әмбебап журналист болудың қыр сыры» тақырыбында студенттерге шеберлік сыныбын өткізді.

2018 жылдың 5 сәуірде «Хабар24» телеарнасының Алматы облыстық меншікті тілшісі Г.Жантасова «Журналистің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында студенттерге шеберлік сыныбын өткізді.

                                                             

2018 жылдың 16 сәуірінде Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов мемлекттік тілдің рөлі мен журналистика ерекшеліктері туралы журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында журналист мамандығының заманауи ерекшеліктері туралы талданып, студенттерге кеңес берілді.

2018 жылдың 19 сәуір күні «Workshop» алыңында «Казмедиa орталығы» медиамектебінің директоры М. Есен мен  «Jef Tailor» тігін цехының директоры Г. Утелбаева жарнама берудің әдіс-тәсілдері жайында тренинг өткізді. 2019 жылы 4 мамырда «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізуші, журналист Қ.Досжан, Алматы бюросының жетекшісі Қ.Хангельдина «Айтылған сөз, атылған оқ немесе, тікелей эфирде істеу» ережесі тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. 2019 жылы 4 мамырда «Хабар24» телеарнасының Лондондағы тілшісі «Медиа менеджмент негіздері» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды.

2019 жылы 28 қаңтарда Алматы облыстық Жетісу телеарнасы ғимаратындағы Workshop журналистік шеберлік алаңында оқытушылардың ұйымдастыруымен «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысының шығармашылық жөніндегі орынбасары, белгілі журналист Ж.Әбділда мен Қазақ Радиосының жүргізушісі, журналист Г.Бостан журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Жалған ақпараттар дәуірі және журналист жауапкершілігі» тақырыбындағы медиа тренинг өткізді.

                                                           

2019 жылы 9 сәуір күні журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Қ.Мұқаметқали «Тақырыптық журналистика және жаңа трендтер» атты шеберлік сағатын өткізді.

1 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Тіл сақшысы» бағдарламасының жүргізушісі, «Айтуға оңай» бағдарламасының шеф-редакторы, «Қарекет» бағдарламасының продюссері, «Алматы» және «31 арна» телеарналарында ұзақ жыл қызмет еткен танымал тележурналист С.Мейрам журналистика мамандығының студенттеріне «Әлеуметтік журналистика» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР

Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы

ББ жетекшісі, PhD

Тел. 87784937192

Ішкі тел 1144

yessenbek.zhumagali@gmail.com

Толығырақ

Каримова Бибигуль Жумашовна

Оқытушы-дәріскер, PhD

Тел.87052825681

Ішкі тел 1144

sultan-3@mail.ru

Толығырақ

Әлбатыр Ілескен

Оқытушы-дәріскер

Тел.87025918777

Ішкі  тел 1144

azamat_520@mail.ru

Толығырақ

Махимова Алтынай Құрманғазықызы

Лаборант

Тел.+7 747 152 90 07

Ішкі тел. 1144

makkey150796@bk.ru