Колледж-Колледж тарихы

ZHANSUGUROV СOLLEGE қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 9 – шы және 11 – ші сыныптардан кейін және қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында құрылымдық бөлімше ретінде құрылды және ректордың 2018 жылғы 22 тамыздағы № 221-П бұйрығымен штат кестесіне енгізілді.

Колледж директоры болып педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мальтекбасов Марат Жабыкбаевич тағайындалды

Білім шаңырағының өскелең ұрпаққа жол көрсету бағытындағы жетістіктері жетерлік. Ұрпақ тәрбиесінде толассыз педагогикалық  қызметін көрсеткен колледж ұжымында  2 профессор, 24 ғылым магистрлері, 6 жоғары санатты  және 5 бірінші санатты тәжірибелі педагог мамандар 600-дей білім алушыларға сапалы білім беруде.

 Іргетасы 2018ж қаланған «Zhansugurov college» осы өңірдегі ілгері оқу орындарының біріне айналды.  2019-2020 оқу жылында Алматы облысы  колледждері арасындағы рейтинг көрсеткіші  бойынша  7 орынға ие болса, «Үздік оқу орны» облыстық байқауында «Жетістіктер жолында» номинациясын жеңіп алды. «Zhansugurov college» Алматы облысы бойынша алғаш  «Worldskills Қазақстан-2020» аймақтық чемпионатын 3 құзіреттілік ұйымдастырған орталық болып табылды. Ұжым ерекше жоғары ынтамен, бүкіл күш-қуаты мен жасампаз мұраттарды алға қояды.      

Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Оқу менен білім —  үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, қабілетті болуы – қоғам сұранысы.

 «ҚР колледждерінің Топ 100 студенті» жобасына «Аударма ісі» мамандығының студенті Тұмабай Гүлжан қатысып, жеңімпаз атанды. «Жыр арқауы – Елбасы» челленджінде «Туризм» мамандығының студенті Бейсенбай Мәулен қатысып, алғыс хатпен марапатталды. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Стартап Академиясының және «Astana Hub» ІТ стартаптардың халықаралық технопаркінің инкубациялық бағдардамалары бойынша студенттердің инновациялық жобаларына колледжіміздің 13 студенті қатысып, сертификаттармен марапатталып, Сапар Сұлтанның жобасы үздік деп танылып, өзінің инновациялық жобасын республикалық деңгейде таныстыруға мүмкіндікке ие болды. Университет көлемінде ұйымдастырылған «Ғасырлық арман – Тәуелсіздік»  жыр байқауында «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Қалибекова Акбаян І орын, « Менің университетім» тақырыбындағы үздік бейнероликтер байқауында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының  студенті Әлібеков Бексұлтан жүлделі II орын алды.