І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті «Қамқор» студент волонтерлар тобы

«Қамқор» студент волонтерлар тобының мақсаты: ерекше білім алуды және көмекке мұқтаж тұлғаларға (балалар, жастар, мүгедектер, зейнеткерлер жəне әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар) қолдау көсету, сонымен қатар Ұлы дала мұрасы қоршаған ортаны қорғау және сақтау, туған жер, өскен өлкенің киелі жерлерін, тылсым табиғатын насихаттау тұрғысынан атқарылатын іс-шараларды негіздеу және әдістемесін жүйелеу.

 

 

  1. «Қамқор» студент волонтерлар тобы-дала саудагерлері мен үйсіз жүрген көше адамдарына күн салқындығында жылынсын деген мақсатта ыстық шәй мен біраз тіске басарлар таратты.Шағын шара аясында еріктілер көмек берген жанлардан бата мен мол алғыс алды.

2.Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына «Абай дара Абай дана қазақта»атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.

 

  1. «Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік»
    Мақсаты: Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып,ардагер ұстаздарға қошемет көрсету, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелей отырып ,ұлағатты ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтау.Осы шара аясында топ жетекщісі Майлыбаева Г.С топ қыздарына бағбандық ,гүлдерге күтім көрсету бойынша шағын мастер класс өткізілді.Өздері отырған гүлдерді факультет ұстаздарына тарту етті.

4.Жағдайы төмен әрі көп балалы отбасыға көмек қолын созылды.Үй қажеттілігі мен балаларға тәттілер мен қызықты кітаптар тарту етілді.

 

5.1-маусым  Халықаралық балалар қорғау мерекесіне орай еліміздің барша бүлдіршіндеріне құттықтау видео жолданды.

 

6.Карантин уақытында ” #Біз біргеміз ” челленджін «Қамқор» волонтерлар тобыда жалғастыра отырып,карантин шараларын сақтауға әрі аса қажетті маска жасаудан шағын онлайн мастер класс өткізілді.

6.1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қамқор» еріктілер тобы факультеттегі ұстаздар құрамындағы ең білікті қарт ұстаздарымызды құттықтап, ізгі тілек пен алғыс айту мақсатында онлайн видео жолдады.

7.Балалар әдебиетінің бәйтерегі Сапарғали Бегалиннің 125 жылдығына орай “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының 2,3 курс білімгерлері,сондай ақ Алматы қаласы С.Бегалин атындағы Республикалық кітапхана ұжымымен бірлесе отырып ,онлайн кездесу шарасы өткізілді.

           

 

 

«Қамқор» студент волонтерлар тобының жетекшісі              Г. Майлыбаева                                   

«Қамқор» студент волонтерлар тобының старостасы            А. Нурланбаева