«IQ-аламан» интеллектуалды сайысының нәтижесі

2018 жылдың 16 ақпан күні Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру аясындағы ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының студенттері арасында «IQ-аламан» атты интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс екі кезеңде жүргізілді: I-КЕЗЕҢ: «Ақылды технологиялар-цифрлық дәуір мүмкіндігі» көрмесі; II-КЕЗЕҢ сайыстары: «IQ-Linguist», «IQ-Typist», «Magic square», «IQ-Detective».

5B060200 – Информатика және 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандықтарының студенттері Алыбаев Абылай, Мадиев Мадиярдан тұратын І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «ЖМУ қырандары» командасы жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды. Команда жетекшісі ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) м.а, п.ғ.к., Алдабергенова Айгуль Оналбековна.