ҚР Президенті Касым-Жомарт Токаевтың Жолдауы

15.04. 2021 жылы Жаратылыстану факультетінің 1 курс кураторы Укушева Т.К. топ білімгерлерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, таныстыру және талқылау мақсатында онлайн кездесу өткізді. Жолдауда: «…Азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек.Экономикалық реформалар азаматтардың табысын арттырып, тұрмыс сапасының жоғары стандартын қамтамасыз еткенде ғана өзін-өзі ақтап, қолдауға ие болады», – делінген.

Кездесу соңында білімгерлер өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған