Рухани жаңғыру аясында өткен «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз!»

«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».
Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді. Осыған орай, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, педагогика және психология факультеті 1 курс «Арнайы педагогика» мамандығы білімгерлері арасында «Рухани жаңғыру» аясында Ержанова Гульнур Жарбулгановнаның жетекшілігімен, «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз!» тақырыбында Google Meet платформасы арқылы жоспарланған ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ұйымдастырылған тәрбие сағатына факультет мүшелері және кураторлар қатысты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған