6В01509 – «ГЕОГРАФИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

2021 жылдың 16 сәуірінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «6В01509–«География» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІІ республикалық пән олимпиадасы өтті. Олимпиада 2 тур бойынша өтті: 1-ші тур теориялық, 2-ші тур практикалық бойынша өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы 3 орын иеленді.

Команда мүшелері 6В01509 – «География», 6В01510 – «География- Тарих» білім беру бағдарламалары бойнша 2-3 курс білімгерлері: 3 курс білімгері Асатпаев Илдус Ерикболович, 2 курс білімгері Садыкова Назым Тойғазықыз. Команда жетекшісі – Жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы, г.ғ.к. Тоқпанов Еркин Аипович. Кафедра ұжымы жеңімпаздарды құттықтайды және шығармашылық табыс тілейді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған