Биология және биотехнология институтының өкілдерімен кездесу

2021 жылдың 20 сәуірінде Алтай мемлекеттік университетінің биология және биотехнология институтының өкілдері, директордың орынбасары Е.А. Шарлаева, ботаника кафедрасының меңгерушісі Н.Ю. Сперанская және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің өкілдері Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.С. Бахтаулова, Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының директоры А. С. Кайкибаева, Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің басшысы Л.Н. Қарашолақова, Техникалық факультеттің деканы И.Ж. Есенғабылов, агрономия және техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Б. Болатованың қатысуымен кездесу өтті.

QS World Universities Ranking 2021 ТОП-580 қатарына кіретін Алтай мемлекеттік университетімен жоғары білім беру саласындағы өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық мүддесінде Тараптар 7М05202 «Табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік» – «Табиғи және антропогендік жүйелердің экологиялық қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары бойынша қос диплом бағдарламасының оқу жоспарларын келісу хаттамасына қол қойды. Бірлескен білім беру бағдарламасының оқу нәтижелері бойынша түлектерге магистр дәрежесі беріле отырып, ресейлік жоғары білім туралы диплом және магистр дәрежесі беріле отырып, қазақстандық диплом берілетін болады.

Кездесу барысында ПОҚ мен білімгерлердің академиялық ұтқырлығы бойынша ынтымақтастық перспективалары, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, бірлескен ғылыми жобаларды орындау және бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.

Университет осы қос диплом бағдарламасына 2021-2022 оқу жылынан бастап қабылдауды жариялайды және қызығушылық танытқан бакалавриат түлектерін қатысуға шақырады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған