«ІЛИЯС ӘЛЕМІ» атты дәстүрлі республикалық студент-жастар (онлайн) фестивалінің нәтижесі

2021 жылдың 26 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінде, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы  «Ілияс әлемі» атты  дәстүрлі түрде жетінші рет республикалық  студент-жастар  (онлайн) фестивалін өткізді. Фестиваль жұмысына ЖОО студенттері қатысты.

Фестиваль аясында «Өлең деген – әр сөздің ұнасымы»  атты мүшәйра және  «Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған»  атты  эссе байқауы болды.

«Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған»  атты  эссе байқауына Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінен, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінен, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен, Академик М.Сапарбаев институтынан, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінен, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінен студенттер белсене қатысты.

«Өлең деген – әр сөздің ұнасымы»  атты мүшәйраға Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы,  Қорғаныс министрлігінің әскери университетінен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінен, Еуразия гуманитарлық институтынан, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінен, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен  білімгерлер белсене қатысты.

Фестиваль соңында эссе байқауынан, мүшәйрадан озып шыққандар анықталды.

Фестиваль нәтижелері мынадай:

«Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған»  атты  эссе байқауының жеңімпаздары:

1 дәрежелі диплом – Жанбау Марғұлан Сейфуллаұлы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университеті. Жетекшісі: Ислам Досбол Амангелдіұлы –  филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

2 дәрежелі диплом – Елеусіз Аружан Ерболқызы. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Жетекшісі: Аубакирова Жамила Ануарбековна – аға оқытушы.              

2 дәрежелі диплом – Әшім Әлия Дәулетханқызы.  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті. Жетекшісі: Сарбасова Қарлығаш Базарбековна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.    

3 дәрежелі диплом – Борбасова Мейрамгүл.  Еуразия гуманитарлық институты.

Жетекшісі: Райнбекова Гүлмира Сайлаубаевна – педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.

3 дәрежелі диплом – Құралбай Айгерім Ильясқызы.  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университеті.  Жетекшісі: Юсуп Айжан Нұрашқызы – магистр, аға оқытушы.

3 дәрежелі диплом – Токенова Динара Мухитовна.  Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті.  Жетекшісі:Курмамбаева Қарлығаш Солтанбековна – магистр, аға оқытушы. 

«Өлең деген – әр сөздің ұнасымы»  атты мүшәйраның жеңімпаздары:

Бас жүлде – Тлеухан Дәурен Тлеуханұлы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Жетекшісі: Ислам Досбол Амангелдіұлы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 

1 дәрежелі диплом – Қонақбаев Қайырбек Әсенұлы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.  Жетекшісі: Жүнісова Майра Абибуллақызы – доцент.

2 дәрежелі диплом – Бекмұқанбетов Әли Ермекұлы. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Жетекшісі: Абилхамитқызы Рысгүл – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

2 дәрежелі диплом – Қаниев Марат Амандықұлы. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг   университеті. Жетекшісі: Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы – филология ғылымдарының кандидаты.

3 дәрежелі диплом – Өмірбай Бибарыс-Сұлтан Қожабекұлы. І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті. Жетекшісі: Кыяхметова Шара Асетовна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

3 дәрежелі диплом – Кабасов Нұрдәулет Сағидоллаұлы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Жетекшісі: Ислам Досбол Амангелдіұлы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

3 дәрежелі диплом – Алламбергенова Қырмызы Жадигерқызы. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. Жетекшісі: Такиров Саржан Уахитович –  филология ғылымдарының кандидаты.

Құттықтаймыз!

«Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған