«Таза сессия. Плагиатқа жол жоқ»

2021 жылдың 27 сәуірінде   І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінде «Таза сессия. Плагиатқа жол жоқ»  атты студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттайтын адалдық сағаты өткізілді. Негізгі мақсаты – 2020-2021 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу. Аталған онлайн жиынға «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Беисов., тіркеу офисі директоры Р.Есимханова, гуманитарлық факультет деканы А.Толамисов қатысып,  жастарды жең ұшынан жалғасқан  жемқорлыққа жол бермеуге, академиялық адалдық мәселелерін қатаң сақтауға шақырып, емтиханға қатысудың ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған