Өндірістік практикаға арналған бағыттау конференциясы

2021 жылдың 30 сәуірінде Жаратылыстану факультеті, Математика және информатика кафедрасында информатика мамандығының 3 курс (колледжден кейінгі) білімгерлерге бағыттау конференциясы өтті. Білімгерлерге практиканы өту бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді. Конференцияға кафедра меңгерушісі Жиембаев Ж.Т., университет бойынша практикаға жауапты маман Ашимова Д.И. және кафедра бойынша практика жетекшісі, оқытушы Ермекова Н.С. қатысты. Конференцияда іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, іс-тәжірибе өту туралы түсініктемелер, кездесетін қиыншылықтар жайлы сөз қозғалды. Конференция барысында білімгерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған