30 сәуір күні әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунтетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады. Шара қонағы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің PhD докторанты облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Талдау және болжау орталығының» сарапшысы, Г.А.Мирзакулова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары» тақырыбында баяндама жасады. «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бас маманы Манибекова Аяулым «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын тәрбиелеу» тақырыбында сөз сөйлеп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Шараны қорытындылап, осы сала бойынша жинақтаған білімімен бөліскен кафедраның аға оқытушысы В.Т.Еңсеева қорға бай мемлекеттердің баяу өсіміне кедергі келтіріп отырған жағдайдың айғақтарына тоқталды. Аталған кездесуге студенттер белсенді қатысты.