Талдықорған қаласының мектеп бітіруші түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша онлайн кездесу

2021 жылғы 12 мамыр күні кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Педагогика және психология факультеті мен Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының №2, №6, №10, №15, №16 орта білім беру ұйымдарының мектеп бітіруші түлектерінеонлайн кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты: Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін жан-жақты таныстыра отырып,  университетімізге оқуға шақыру.

Кездесу барысында университет жайлы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Педагогика және психология факультеті туралы ақпараттар берілді. Факультеттегі профессор-оқытушылар құрамы мамандық таңдау үлкен жауапкершілік екенінін айта отырып  мектеп оқушыларына кеңес берді. Педагогика және психология факультетінің білімгерлері университеттен алып жатқан білімдері мен жеткен жетістіктері туралы айтып өтті. Кездесу соңында барлық факультеттерде жеке-жеке қандай білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярланатыны туралы мәлімет берілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған