Польшадағы «Zhetysu» виртуалды өкілдігі

Пшасныш қаласындағы (Польша) Лингвистикалық-техникалық университетімен ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламалары, қос диплом, бірлескен ғылыми және білім беру жобалары бойынша бес жылдық жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде қалыптасқан өзара қарым-қатынастарды нығайту және ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту жұмыстары бойынша тұрақты ақпараттық орталық құру мақсатында 2021 жылдың 13 мамырында университеттің «Zhetysu» виртуалды өкілдігі құрылды.

«Zhetysu» виртуалды өкілдігінің ашылуында Пшасныш қаласындағы (Польша) Лингвистикалық-техникалық университетнің атынан ректор, профессор Elńbieta Sternal, қос диплом бағдарламаларының жетекшісі, профессор Килевая Людмила Тимофеевна және біздің университеттің атынан Басқарма төрағасы-Ректор, профессор Баймырзаева Қ.М., Басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Бахтаулова А.С., ректор кеңесшісі Абызова А.М., Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының директоры Кайкибаева А.С., гуманитарлық факультет қызметкерлері, қос диплом бағдарламаларының білім алушылары мен түлектері онлайн форматта қатысты.

Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығымен виртуалды өкілдік сайты https://zhetysu.edu.kz/en/linguistic-technical-university таныстырылды. Сондай – ақ, Тараптар «Филология» білім беру бағдарламасы мен 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М04201 – «Құқықтану», 7М01601 – «Тарих» білім беру бағдарламалары негізінде қос диплом бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру туралы келісімшартты бекітті.

Виртуалды өкілдік университеттердің ресми сайттары негізінде жұмыс істейтін болады. Өкілдіктің қызметі университеттердің мүдделерін онлайн-платформа арқылы білдіруге, бір ЖОО-ның білімгерлерін серіктес ЖОО-да оқуға, оның ішінде қос диплом бағдарламалары, бірлескен білім беру бағдарламалары шеңберінде тартуға және ақпараттық сүйемелдеуге, бірлескен онлайн мастер-кластар, дәрістер, курстар ұйымдастыру арқылы серіктес университетте ілгерілетуге бағытталған.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған