«Қазақ елі» онлайн байқауы өтті

2021 жылдың   02-12 мамыр аралығында   білім ордамызда  ҚР  Тәуелсіздігінің  30 жылдық  мерекесіне орай   университет білімгерлері   арасында  «Қазақ елі» тақырыбында көркем сурет салудан байқау өтті. 

Іс-шараның   мақсаты- жастарды  еліміздің  Тәуелсіздігінің  30  жылдық   мерекесін  ауқымды аталып  өтуіне  үлестерін  қосуға  ынталандыру, жастар бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, еліміздің  Тәуелсіздігіне  деген құрметін арттыру, шығармашылыққа баулу болып табылды.

Арнайы құрылған комиссия шешімімен бас жүлдені Құқық және экономика факультеті 2  курс студенті Төртбаева Әлфия, II орынды  ZHANSUGUROV  COLLEGE  2 курс студенті  Шәкіртхан Анеля,  III орынды Педагогика және психология факультеті 3 курс студенті  Джумабаева Салтанат иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған