Міндетті үшжылдық еңбек өтемі бойынша онлайн кездесу

2021 жылғы 19 мамыр күні сағат 11.00-де мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2021 жылы бітіретін түлектермен және 1, 2, 3 курс білім алушыларына ҚР БжҒМ қарасты «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Серікқалиқызы Ақзирамен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі №319-ІІІ «Білім туралы» заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты еңбек өтемі бойынша «Zoom» платформасында, YouTube желісінде тікелей эфирде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Серікқалиқызы Ақзира, факультет декандары, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері, күндізгі бөлім білім алушылары қатысты.

Кездесудің мақсаты: міндетті үшжылдық еңбек өтемі туралы ақпарат беру.

Кездесу барысында жас мамандардың үшжылдық міндетті еңбек  өтемі бойынша жұмысқа бөлу және жіберу қандай тәртіппен жүзеге асырылатыны туралы айтылды. Білімгерлердің еңбек өтемі бойынша қойылған сұрақтары қарастырылып толық ақпараттар  берілді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған