«Тәуелсіздік және ұлттық құндылықтар» атты онлайн кездесу өтті

2021  жылдың  25  мамыр  күні  Әлеуметтік – шығармашылық   жұмыс  жөніндегі   бөлімнің ұйымдастыруымен  «Тәуелсіздік және ұлттық құндылықтар» тақырыбында  1-2 курс студенттерімен  онлайн  кездесу  өтті.

Модератор Басқарма мүшесі – жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к.,профессор  Сериев Болат Абдулдаұлы  алғаш сөз кезегін бастап,  кездесу қонағы белгілі  психолог  Мүтебаев Қанат Маратұлына сөз  берді.

Спикер өз баяндамасында   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай  Құнанбаевтің қара сөздері, Әл-Фарабидің  трактаты негізінде ұлттық құндылықтар жайлы түсіндірме берді. Қоғамдағы жастарға білім жолында тер төгудің пайдасы, жарқын болашаққа деген ұмтылыс, адал еңбек т.б адамның рухани дүниесіне азық беретін фактілерге тоқталды.

Білімгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар назарға алынды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған