ҚОСДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ӨТТІ

Ақпарат көзі: Гуманитарлық факультет

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2016 жылдан бастап Лингвистика-техникалық университетімен  (Польша Республикасы) бірлесіп қосдипломды білім беруді іске асыра бастаған. 2020-2021 оқу жылында да екі жоғары оқу орны арасындағы келісім өз жалғасын тапты. Осы оқу жылында алғаш рет бакалавр бағдарламасын қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша Алтай Айдын бітіреді.

2021 жылдың 27 мамырында «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Алтай Айдын, «7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттары Серік Құралай, Мұқият Ділнұр  Лингвистика-техникалық университетінде онлайн дипломдық жұмыс және магистрлік диссертацияларын жоғары деңгейде қорғады. Қорғауға Лингвистика-техникалық университетінің ректоры, профессор Эльжбета Стерналь қатысты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған