Шетелдік талапкерлерге (азаматтарға) арналған стипендиялық бағдарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік талапкерлерге (азаматтарға) арналған толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламалардың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 490

2. Магистратура – 50

3. PhD докторантура – 10

Үміткерлер толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін құжаттарды 2021 жылғы 7 маусымнан 20 шілдеге дейін онлайн түрде тапсыра алады.

Қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.

Толық ақпарат сайтта ұсынылған https://enic-kazakhstan.kz/post/94

 Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне оқуға түсуге ниет білдірген шетелдік талапкерлер (азаматтар) шақыру хатын алу үшін Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына жүгіне алады.

Тел.: 8 (7282) 40 10 19; 8 708 198 52 54

Эл.адрес: intercenter@zu.edu.kz

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған