ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА

Ақпарат көзі: Гуманитарлық факультет

2021 жылдың 05-31 мамыры аралығында «AP08053050 – Қазақстан Республикасында білім берудің лингвоэкологиялық моделін қалыптастыру: теориясы мен тәжірибесі» жобасының қатысушылары Лингвистика-техникалық университеттен (Польша) халықаралық онлайн ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама «Тілдік тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін интра- және экстралингвистикалық факторлар» тақырыбында ұйымдастырылды. Тағылымдамаға Лингвистика-техникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Килевая Людмила Тимофеевна жетекшілік етті.

Ғылыми тағылымдама барысында қазіргі педагогикалық дискурс контекстіндегі тілдік тұлға, тілдік тұлға модельдері, ғаламның тілдік бейнесі, функционалды сауаттылықты қалыптастырудың комминикативтік тәсілдері, екінші тілдік тұлға қалыптастыру, мәдениаралық құзыреттілік, тілдік тұлға қалыптастыру үдерісінде пайдаланалатын лингводидактикалық материалдарды таңдаудың негізгі қағидалары, постмдернистік парадигманың тезаурустық бағыты т.б. мәселелер бойынша теориялық білім алынды және тәжірибелік тапсырмалар орындалды. Ғылыми тағылымдама нәтижесі бойынша жоба қатысушылары Г.Чукенаева, А.Абызова, А.Галымова, Г.Тлегенова, Е.Саржигитов, Ш.Елеусизова халықаралық ғылыми тағылымдамадан өткендігін растайтын сертификат алды. 

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған