«Рухани жаңғыру – мәнгілік ел болудың кепілі» атты тақырыптағы кураторлық сағат

2021 жылдың 15 ақпан күні құқық және экономика факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы М.Д. Баженова ұйымдастыруымен «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ЮҚ-112,113 топ білімгерлерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру – мәнгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта ашық онлайн кураторлық сағат өткізілді. Ашық кураторлық онлайн  сабаққа қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары  М.Р. Конысбекова., Г.А. Жакупова және Ә.А. Болат қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеялары мен басым бағыттарын анықтау. Студенттердің отанға деген сүйіспеншілікке, өз елін, тарихын білуге бағдарлау, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы танымдық белсенділікті арттыру, білімді ұрпақты тәрбиелеу.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған