Үздік Жас ғалым – 2021

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми – білім беру мекемелері арасындағы өткен «Үздік жас ғалымдар-2021» жобасында ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін «8D01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының І курс докторанты Тұрабай Гүлдана Келісқызы «Үздік Жас ғалым – 2021» төсбелгісімен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі Майлыбаева Гульмира Сабыровна, PhD философия докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  қауымдастырылған профессоры м.а.

Сонымен бірге,  «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ТМД елдерінің ІІІ Халықаралық «Үздік Жас ғалым – 2021» (ТМД Ғалымдары) кітап басылымы ТМД мен Еуропаның Жас ғалымдарының ғылымы мен тұлғалық табыстарын насихаттауға бағытталған бірегей жоба болып табылады. Тұрабай Гүлдана Келісқызының «Features of the development of intercultural communication of University students»  атты мақаласы Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығының І дәрежелі дипломымен марапатталды.