Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру конкурсы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2021-2022 оқу жылының 1-ші семестріне арналған 2-3 курс білім алушылары арасында академиялық ұтқырлық аясында еуропалық серіктес университеттерде оқуға конкурс жариялайды.

Іс сапар шығындарын, тұру, сақтандыру және виза жасау жөнінде консулдық алымдарды қаржыландыруды ҚР БжҒМ қамтамасыз етеді.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

– GPA балы 3.0-тен жоғары болуы;

– Шетел тілін меңгеру деңгейі B2 төмен болмауы керек. 

Конкурсқа қатысу үшін келесі қажетті құжаттарды ұсыну қажет:

1) Білім алушының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген, оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен бекітілген нысан бойынша өтініші (тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын төлқұжатының көшірмесі;

3) ағымдағы үлгерім бойынша транскрипт (Тіркеуші кеңседен алынады);

4) шетел тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың бірін ұсынады):

– шетел тілін білуі туралы халықаралық бағалау жүйелері арқылы алынған сертификат;

– шетелдік серіктес университеттің шетел тілін меңгерген студентті қабылдауға келісімі туралы хат;

– Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының тест нәтижесі (В2 төмен болмауы керек);

5) халықаралық деңгейдегі диплом, грамоталар.

6) декан, кафедра меңгерушіден немесе оқытушыдан ұсыныс хат;

7) уәждемелік хат.

8) көпбалалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (болған жағдайда);

9) білім алушының ата-анасының болмауы туралы растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға қатысты (болған жағдайда);

10) білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (болған жағдайда);

Құжаттарды университеттің кеңселік электронды поштасына vuz@zhgu.edu.kz, intercenter@zu.edu.kz «Академиялық ұтқырлық бағдарламасы конкурсына қатысу үшін» деп жіберулеріңізді сұраймыз. Кеңсенің пошталық мекен-жайы: Талдықорған қаласы, 040009, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті.

Шетелдік серіктес университеттер өтінімдерді ұсыну мерзімдері шектеулі болғандықтан, құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 3 тамызына дейін жүзеге асырылады (3 тамыз соңғы күн).

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына intercenter@zu.edu.kz хабарласуларыңызды сұраймыз!