15.09.2021 ж. дене шынықтыру және өнер факультетінде «Креативтілік және медиа» виртуалды зертханасының ашылуы өтті. Оқу зертханасы заманауи технологиялармен толық жабдықталған, интерьері білім алушыларды сапалы оқытуға арналған бірегей дизайнда безендірілген. Ашылу салтанатына ғылыми жұмыс жөніндегі Проректор А.Бахтаулова, ПОҚ және «Дизайн» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.