Дене шынықтыру және өнер факультетінің, дизайн білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлері 2021 ж. 17-22 қыркүйек аралығында, Талдықорған қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Алматы облысы орталығының 20 жылдығы және қала күніне орайарнайы ұйымдастырылған «ЖАҢАРҒАН ТАЛДЫҚОРҒАН» атты суретшілер плэнеріне қатысып ұшқыр қиялын шеберлікпен бейнелеп, белсенді ат салысқандары үшін алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.