Тілдер апталығы аясында жас мамандар А. Ж. Бакалова мен А. Ж. Калиакбардың ұйымдастыруымен «Музамен кездесу» атты әдеби кеш өтті.

28.09.2021 жылы Тілдер апталығы аясында жас мамандар  А. Ж. Бакалова мен А. Ж. Калиакбардың  ұйымдастыруымен «Музамен кездесу» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шарада белгілі ақындардың   өлеңдері оқылып, «Евгений Онегин» шығармасынан үзінді сахналанды және колледждің талантты студенттері өз әндерін орындады.

Іс-шараның бір бөлігі болған мәнерлеп оқу байқауының нәтижесінде әр түрлі номинацияда үздік студенттер марапатталды.