Алматы облысы бойынша колледждер арасында «Саналы ұрпақ» клуб белсенділерімен кездесу өткізілді.

2021 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша колледждер арасында «Саналы ұрпақ» клуб белсенділерімен  кездесу өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының  бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы мен «Саналы ұрпақ»  Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы мен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой – пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
2014 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.  Жемқорлықты жеңу – Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Елбасы өзінің «Қазақстан 2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атап көрсетті. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз.
Жемқорлықпен күрес  бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитеттің қалыптастырылуымыз қажет. Егер  Қазақстан Республикасының әр азаматы қатаң түрде заңды сақтап, парасаттылықпен өзін-өзі тәрбиелесе, жемқорлықтың болмауы хақ.