«Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі» атты ұстаздар күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті

2021 жылдың  6 қазан күні оқу ордамызда ұстаздар мерекесіне орай «Ұлағатты ұстаз – ұлт  мерейі» атты мерекелік іс-шара өтті. Басқарма Төрағасы – Ректор  Баймырзаев Қуат Маратұлы  еңбекте алда жүрген бірқатар оқытушыларды марапаттап құттықтады.

Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым  Министрлігінің  Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, Облыстың әкімінің құрмет грамотасымен, білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы төсбелгісімен, «І.Жансүгіров» меделімен бірнеше еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды.

Білім ордамызда оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары, көп жылдық еңбегі мен кәсіби саладағы жетістіктері және университет дамуына қосқан үлестері үшін профессорлық – оқытушылар құрамынан Катенов Амангелді Камалович және Смағұлов Есенғали Жексенбаевич университеттің «Құрмет кітабына» еңгізілді.

Салтанатты іс-шара өз жалғасын арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен ұласты.