«Start – UP Zhansugurov college» студенттік жастар инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы

«Start – UP Zhansugurov college» студенттік жастар инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы
Ереже шарттары

Жалпы ережелері:
1. Байқауға «Zhansugurov college»-нің дарынды білімгерлерін қатысуға шақырамыз!!!
2. Байқау ұйымдастырушысы – «Zhansugurov college» – нің «Ғылыми Start – UP академия орталығы»;
3. «Start – UP Zhansugurov college» ұйымдастырылып отырылған бұл байқау орталығында жастар өз идеяларымен бөлісіп, тәжірибе алмасады.

Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеттері:
– Еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми – инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру;
– осындай конкурстарды өткізу және қатысу бойынша кәсіби біліктер шеңберін кеңейту және тәжірибе жинақтау;
– инновациялық идеялар мен әзірлемелерді генерациялауға бағытталған процестерді ынталандыру;
– дарынды жастарды анықтау және қолдау, перспективалық зерттеулер мен әзірлемелер үшін ұйымдастырушылық жағдайлар жасау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. «Start – UP Zhansugurov college» жобалар байқауына бір жобаны жеке студенттің өзі және топ болып ( 2 – 4 студент) ұсынуға рұқсат етіледі;
2. Байқауға кез-келген салаға қатысты келесі тақырыптардағы Start – UP жобалар қабылданады:
– Әлеуметтік және экономикалық / Өнеркәсіп / Білім беру / Медицина;
– Экология және қоршаған орта / Туризм саласы / Биотехнология / Элетр энергиясы / Мұнай және газ;
– IT Ақпараттық технологиялар / Робототехника / Нанотехнологиядағы инновация / Мобильді қосымшалар және т.б. бағыттар бойынша.

Конкурс кезеңдері:

Конкурс 2 кезеңде өтеді:
1 кезең – Жобалық байқауға қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 6 – шы қазанынан бастап 19 – шы қазанына дейін қабылданады. Байқаудың I – кезеңіндегі өтінімдерді қарау сараптамалық комиссиясымен жүргізіледі. Ұсынылған жұмыстар қаралып, бағалау крийтерий бойынша, қазіргі заманға сай жоба жаңашылдығы, мазмұны, тәжірибелік маңыздылығына қарай жобалар 2 кезеңге іріктелініп алынады.