«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік»

5 қазан күні «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты ұстаздар күніне арналған гуманитарлық факультеттің студенттері ұйымдастырған мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш, факультет деканы Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлының құттықтау сөзімен басталып, ардагер ұстаздарға арналған арнау өлеңдерімен өз жалғасын тапты. Белсенді студенттер, ән шырқап, би билеп, қойылым қойып, факультеттің барлық студенттерінің аттарынан бір шаңырақтың астында білім мен тәрбиені қатар бергендері үшін оқытушыларға деген алғыстарын «Бір үйдің баласындай» әнімен аяқтады. Мерекелік кешке қатысқан оқытушылар, ризашылықтарын білдіріп, керемет  әсерде қалғандары туралы ойларын білдірді.