Білімнің салтанат құруы – ұлттық бәсекелестік қабілетінің кепілі


Дене шынықтыру және өнер факультеті бойынша білімгерлерімен «Кездесу салтанатын» өткізіп, дене шынықтыру және өнер факультетінің оқу ісі бойынша координаторы Құлманбетов Аслан Маратұлы білімгерлермен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында Аслан Маратұлы қазіргі әлемдік пандемияға байланысты жайттарды ескере отырып, оқу барысында санитарлық жағдайларды білу, білімгерлердің университет қабырғасындағы ережелерді қатаң сақтау керектігі жайлы айтты.
Оған қоса, ХХІ ғасыр – техниканың жақсы дамығандығын ескере келе, білімгерлерге E-gov мобильді қосымшасынан жеке куәліктің, студенттік билеттің, 18 жасқа толған, вакцина алған білімгерлердің Вакцина паспортын электронды түрде қолжетімді екендігін де айта кетті.