Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция

«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ 2021 жылғы 29 қазанда өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: бағдарлар мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына қатысуға шақырады.

         Конференция жұмысына қатысуға ғылыми қызметкерлер, профессорлық-оқытушылық құрам, ЖОО докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.

         Материалдар қабылдау 2021 жылдың 22 қазанына дейін созылады.