«АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІ

Күз – көптеген ақындардың, суретшілердің, музыканттардың сүйікті мезгілі. Ол бізді өзінің жарқын түстерімен, жылдың осы уақытына ғана тән табиғаттың ерекше, жандандыратын күйімен қызықтырады. Күз бірінші курс студенттерін де бей-жай қалдырмады.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің ДШҚ 112, МҚ 111 топтарында 12.10.2021 жылы   «Алтын күз»  мерекесі өтті. Студенттер күз туралы ән айтты, өлеңдер оқыды, биледі.

Студенттерді мерекемен құттықтауға факультет деканының орынбасарлары Аслан Маратұлы Ұлманбетов пен Айдар Төлеубайұлы Күнбосын келді. Әділқазылар мүшелері болып гуманитарлық факультеттің   «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері  шақырылды, олар бірінші курс студенттерін мерекемен құттықтап, жеңімпаздар мен мерекеге белсенді қатысқандарға  мадақтамалар табыс етті.

Терезе сыртындағы суық және бұлтты ауа райына қарамастан, мереке өткен 114-ші аудиторияда ол жылы әрі жайлы болды. Студенттердің алғашқы бірлескен мерекесі сәтті өтті. Дене шынықтыру студенттері мен музыканттар өздерінің барлық таланттарын көрсетуге тырысты.