«Жетісу жастары –жемқорлыққа қарсымыз»


І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің 14.10.2021 ж. «Саналы ұрпақ » студенттік клубының мүшелері мен клуб жетекшісі  С.Онгарбаеваның ұйымдастыруымен  «Жетісу жастары –жемқорлыққа қарсымыз»  акциясы ұйымдастырылды.  
«Саналы ұрпақ» студенттер клубы, білімгерлердің бойына парасаттылық, адамгершілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіріп, патриоттық сезімге тәрбиелеп, жемқорлық, парақорлық сынды жағымсыз әдеттердің зиянын ұғындыру жұмыстары кең көлемде жүргізеді.  Саналы ұрпақ – ұлт болашағы, ал сол саналы ұрпақты қалыптастырудың негізі – тәрбие мен білімде.