2021ж 21 қазанда Талдықорған қаласында «Қоғамдық келісім»КММ мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, рухани құндылықтарды сақтау және дамыту мақсатында «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпыреспубликалық акция ұйымдастырды. Аталған іс-шараға «ZHANSUGUROV COLLEGE» -де білім алып жүрген, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген өзге ұлт өкілдері 108 — топ «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Ивлева Анастасия, Каграманова Фатима,Чукаева Карина, Пацукова Карина және 203 топ «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Минькова Наталья қатысып қайтты.
«Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпыреспубликалық акцияда Ивлева Анастасия, Минькова Наталья және Чукаева Карина өздерінің қазақ тілін қалай үйренгендіктері туралы, қалай қолданып жүргендіктері туралы, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерінің жоғары екендігін, қазақ тіліне құрметтерінің ерекше екендігін көрсетті және акцияға қатысушылармен ой бөлісті.
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сулейменова Айгуль Максутхановна.