«Қазақ тілінің эволюциясы»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» жобаларын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 21 қазанында «Қазақ тілінің эволюциясы» тақырыбында 3 курс «Тарих» мамандығының білімгерлерімен пікір-сайыс өткізілді. Пікір-сайыста қазақ тілінің эволюциясындағы араб, латын, кириллицаның қолданысқа енгізілуі, халық үшін тиімділігі мен кемшіліктері туралы баяндалды. Модератор: оқытушы-дәріскер Абдильдинова Лашын Батырхановна.