Құқық және экономика факультетінің сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне В Корфант атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетінің ғалымы шақырылды. (Польша Республикасы, Катовице қ.) сапардың мақсаты-сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Стефан Дырка 02.10.21-30.10.2021 аралығында «Менеджмент» және «мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері үшін дәрістер оқиды және практикалық сабақтар «Economy policy in small and medium business» және «корпоративтік менеджменттің заманауи үрдістері»пәндері бойынша өткізіледі.

28 қазанда Құқық және экономика факультетінің оқытушыларына арналған «Адам ресурстарын басқару процестері»тақырыбына семинар жоспарланған.