«Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ!»

2021 жылдың 27 қазанында Жаратылыстану факультетінің Педагогикалық информатика білім беру бағдарламасының  оқытушы-дәріскері Ермекова Н.С «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Информатика», «Физика-информатика» білім беру бағдарламаларының 3-4 курс білімгерлерінің қатысуымен «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың белгісі – білімді ұрпақ!» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның  мақсаты- еліміздің ертеңі бәсекеге қабілетті білім иелерінің қолында. Білім алушылар бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отырғандықтан, өскелең ұрпаққа жан-жақты терең білім беру  үшін қажымай еңбек етуді мақсат тұту дұрыс деп өз ойларын тұжырымдады.