АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША «ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА» ПӘНІНЕН ОНЛАЙН САБАҚ

Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты  Абасилов Аман Маделханович 2021 жылдың 01 қазан мен 01 қараша арлығында Гуманитарлық факультеттің «Филология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Әлеуметтік лингвистика» пәнінен онлайн сабақ өткізді.