Қызға қырық үйден тыйым

29.10.2021 жылы Жаратылыстану факультетінде 105 аудиторияда куратор Укушева Т.К. «Химия-Биология» 2 курс білімгерлерімен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбы бойынша тәрбие іс-шара өткізілді. Мақсаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.

Кездесу барысында студенттердің қызға қырық тыйымды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл, ел-жұрт жауапты екендігін білдіреді. Қызды тыйып ұстау – оны барлық нәрседен қағу емес, тәрбиелі, ибалы, инабатты болып өсуіне жол ашу. Ол үшін әрбір қыз жастайынан «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетуді үйренуі қажет. Сөйткен жағдайда болашақта одан елін, жерін сүйетін, бір ошақтың отын маздатып жағып, қайын жұртын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана шығары сөзсіз.