«Ақселеу Сейдімбектің көркем шығармаларындағы өмір шындығы» атты вебинар өтті.

05.11.2021 жылдың 03-05 қараша аралығында «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен А.Сейдімбек шығармаларын зерделеу және тәжірибе алмасу мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерінің қатысуымен «Ақселеу Сейдімбектің көркем шығармаларындағы өмір шындығы» атты вебинар өтті. «Zhansugurov college»-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сулейменова Айгул Максутхановна Арқаның арысы, қаламгер Ақселеу Сейдімбектің «Тоқаның толғауы» атты радиопьесасын әдеби тұрғыдан талдап, жазушының шығармасына арқау болған күйші Тоқа Шоңманұлының «Саржайлау», «Төрт толғау» атты күйлерінің шығу тарихына және автордың сөз өнеріндегі шеберлігін «Сүйінші», «Аманат қою» салт-дәстүрлері арқылы түсініктеме беріп, аса назар аударылмай жүрген сөз құдіретін аша білді.