«Діни экстремизм мен терроризм»

2021 жылдың 5 қарашасында Жаратылыстану факультетінде «Биология» мамандығының 2 курс  білімгерлерімен топ кураторы, оқытушы-дәріскер Т.К.Укушева – Адамгершілік және рухани тәрбие модулі бойынша «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында тәрбие іс-шарасын өткізді. Іс шараның мақсаты: Білімгерлерге экстремизм  және  терроризм қоғамға қауіптілігі туралы түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; толеранттылық сезімін, қоршаған шындыққа деген философиялық және сыни көзқарасты тәрбиелеу, рухани жетілу мен өзін-өзі тануға ықпал ету, патриотизм сезімін нығайту. Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Кездесу барысында білімгерлер өз ойларымен бөлісті. Қорыта келе, Біз қазақ халқының даналығына тағы бір рет көз жеткіздік, біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық негізде ешқашан қақтығыстар болған емес. Қазақстан тек этникалық немесе діни көзқарастарға негізделген қайшылықты елдерді ешқашан қолдамаған. Қазақстанда ешкімге «сөз бостандығы» деген желеумен ұлттық немесе діни қадір-қасиетті қорлауға жол берілмейді.