«Zhetysu – Startup»

Кәсіпкерлік білім беруді және жас ғалымдардың инновациялық әлеуетін дамытуды жүзеге асыру мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Стартап академиясы жас новаторлар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер арасында «Zhetysu – Startup» инновациялық идеялар мен бизнес жобалар байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:

креативті және кәсіпкерлік ойлай алатын бәсекеге қабілетті және прагматикалық мамандарды даярлау және қалыптастыру;

  • университет студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдарының ғылыми және инновациялық қызметтерін ынталандыру және тарату;

– озық зерттеулер мен әзірлемелерді құру, дарынды ғылыми жастарды анықтау және қолдау үшін ұйымдастырушылық жағдай жасау.

– «Ұлы дала жастары» шағын жобасын жүзеге асыру.

Байқау өтінімді қарастыру күні жасы 29 жастан аспайтын (қоса алғанда) университеттің жас ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін өткізіледі.

Байқаудың шарттары мен талаптары сақталмаған жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі бойынша қатысушы байқауға қатысудан босатылады.