Биотехнология мәселелері ҒЗИ жас ғалымдарының тағылымдамасы

2021 жылдың 25 қазаны мен 5 қарашасы аралығында б.ғ. д. Т.Г.Ситпаеваның жетекшілігімен Ботаника және Фитоинтродукция институтында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің биотехнология мәселелері ҒЗИ – ның биоресурстар зертханасының ғылыми қызметкерлері ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында ғылыми қызметкерлер өсімдіктерді интродукциялау, Қазақстанның пайдалы (дәрілік, эфирлік майлы, алкалоидті, балды және т.б.) өсімдіктерінің ресурстық әлеуетін бағалау, мониторингілеу және талдау әдістемесін игерді. Ботаникалық бақтың тұқымдық банкімен танысты. Биотехнология проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ботаника және фитоинтродукция институтының директоры б.ғ. д.Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызына өз алғысын білдіреді.