«Коммерцияландырылған жобаларға қатысу ерекшеліктері» атты тақырыбындағы семинары

2021 жылдың 8 қарашасында Құқық және экономика факультетінде «Тәжірибелік бағытталған оқыту – білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде» атты әдістемелік семинар апталығы аясында «МАРМАР» ЖШС директоры Закирұлы Олжас «Коммерцияландырылған жобаларға қатысу ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді, семинарға Құқық және экономика факультетінің  білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты шарттар мен келісімшарттар жасасу арқылы бәсекеге қабілетті, коммерциялық перспективалы ғылыми әзірлемелер мен жобаларды іріктеу және нарыққа жылжыту болып табылады.

Семинарда проблемаларды шешуге арналған технологияларды сипаттаудың өзекті мәселелері, технологияның артықшылықтары (жақсырақ, жылдам, арзан), технологияның жаңалығы, нарықтың мүмкіндіктері, әлеуетті серіктестер мен клиенттер, қаржы, тәуекелдер мен кедергілер талқыланды.