«ҚР мемлекеттік қызмет модернизациясы» атты тақырыбындағы семинары

2021 жылдың 10 қарашасында Құқық және экономика факультетінде «Тәжірибелік бағытталған оқыту – білім беру сапасын арттырудың шарты ретінде» атты әдістемелік семинар апталығы аясында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Имангалиева Жадыра Амангельдиновна «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет модернизациясы» тақырыбында семинар өткізді, семинарға Құқық және экономика факультетінің  білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайын талдау болды.

Семинарда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті жаңғырту, еңбекақы төлеу жүйесі, персоналды ынталандыру, ұйымдастыру, кадр жұмысының ерекшеліктері мен қағидаттарының өзекті мәселелері талқыланды.